Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Степногорск қаласында полицейлерден жасырынбақшы болған ер адам бөтен Lexus-ты соқты

Жарияланған күні:

Степногорск қаласындағы мас жүргізуші жасаған жол апаты
Жол апаты. Оқиға орны: Рolisia.kz

Мас жүргізуші Степногорск қаласы тәртіп сақшыларының назарына ілігеді. Полицейлерден қашпақшы болғанда жүргізуші жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, қаланы патрульдеу кезінде "Буран 13" автопатруль қызметкерлерінің назарын Тәуелсіздік даңғылымен жоғары жылдамдықта жүріп келе жатқан Mercedes Benz автокөлігі аударған.

Полицейлер көлікті тоқтату туралы шешім қабылдап, хабарлағанымен, жүргізуші олардың тоқтау туралы сигналына жауап бермей, қозғалысын ары қарай жалғастырған.

Тәртіп сақшылары көліктің соңынан ереді. Құқық бұзушы жақын маңдағы аулаға кіріп, көктайғақ жағдайында тұрақта тұрған Lexus RX 300 автокөлігімен соқтығысып, кейін тоқтауға мәжбүр болады.

"Құжаттарды тексеру кезінде 38 жастағы жүргізушінің мас күйде көлік жүргізгені анықталды. Сонымен қатар ер адамның өзі көлік иесі емес болып шықты.

Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігі ("Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары мас күйдегі адамға басқару құқығын бергені үшін салонда жолаушы ретінде болған жеңіл автокөліктің иесін де әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011717-stepnogorsk-qalasynda-policeilerden-zasyrynbaqsy-bolgan-er-adam-boten-lexus-ty-soqty/