Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Перизат Сәдуақас Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

Жарияланған күні:

Перизат Сәдуақас
Перизат Сәдуақас. Фото: t.me/aqparatqogam

Премьер-министрдің келісімімен және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппарат басшысының бұйрығымен Перизат Сәдуақас 2022 жылғы 3 наурыздан бастап аталған министрліктің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды министрліктің Telegram-арнасы.

Перизат Құрманқызы Сәдуақас 1981 жылы 4 тамызда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу елдімекенінде дүниеге келген. Білімі – жоғары.

2002 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін Қазақстан тарихы мамандығы бойынша және 2006 жылы аталған университетті юриспруденция мамандығы бойынша бітірген. Тарих ғылымының кандидаты.

Перизат Құрманқызы әр жылдары білім беру мекемелерінде, жоғары оқу орындарында, Қарағанды облысының әкімдігінде қызмет еткен. Мәдениет және ақпарат министрлігі, Байланыс және ақпарат министрлігі, президент әкімшілігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Ұлытау облысы әкімінің аппаратында түрлі қызметтер атқарған.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болып қызмет атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011724-perizat-saduaqas-azamattyq-qogam-isteri-komiteti-toragasynyn-orynbasary-lauazymyna-tagaiyndaldy/