Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыс бойы жарыққа үш есе тариф төлеген астаналықтар жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Жарықты қосып жатқан тұрғын
Тұрғын. Скриншот: КТК арнасы

Қыс басталғалы жарыққа үш еселенген тариф төлегенін айтып шағымданған астаналықтарға "Астана-аймақ электр желі" компаниясы жауап берді, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, тұрғындардың жарық бағасына төлейтін ақша сомасы азаяр емес, ал жауапты компания мұның себебі күз айларында төленбеген ақының бірге есептелуі деп түсіндіреді.

Бір бөлмелі үйде тұратын Гүлмира жарық үшін айына қалай мың килоВатт шыққанын түсінбей әлек, желтоқсаннан бері төлейтін сомасы 62 мың, 57 мыңнан кем еместігін айтып отыр.

"Коммуналдық қызмет бізге қымбат болып келіп жатыр. Биыл жарық қосылды. Ол да қымбаттап кетті. Мысалы, айына қарап отырсам, өткен айларда 300-400-500 килоВаттан асырмай жарық қолдандым. Алайда желтоқсанда тек жарықтың өзіне 27 мың шығып тұр", - дейді Астана тұрғыны Гүлмира Шаймахамбетова.

Тұрғынның сөзінше, оған жылу, қоқыс, жеделсаты сияқты басқа төлемдер қосылған соң, пәтер иесі қайсысын төлерін білмей отыр. Денсаулығына байланысты жұмыс істемейтін астаналық Гүлмира жарықты төлеуден бас тартқан.

Телеарна дерегінше, осы үйде тұратын көпбалалы ана Гүлнизаға үш айдан бері жарықтың ақшасы тіпті де келмепті.

"АстанаЭнергосбыт" сізде келісімшарт жоқ деп айтты маған. Тіркелмей қалған, кешірім сұраймыз, қайта тіркейміз деп шығарып салды. Біз пайдаланған жарыққа төлеуіміз керек қой. Өйткені есептегішпен олардың қойған көрсеткіші сәйкес келмейді. Сіз ойлаңызшы, бір жылға жарық пен суға 200 мың төлеу мүмкін бе?", - дейді Гүлниза Ержанқызы.

Сонымен қатар бағасы өскен жарықты төлеп жүрген бір топ астаналық жауапты "Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясынан" түсініктеме алуға тырысқан.

"Желтоқсан айында тұрғындар артық шот алуының себебі, қыркүйек, қазан, қараша айларына "Астанаэнергосбыт" атынан энергия сату ұйымы нарықта шартты есептеу жүргізген. Демек олар күзде ақша төлемей, желтоқсан айында адамдар үш-төрт ай ішіндегі төлемді алды. Біз адамдар түбіртектерді уақтылы алып, нақты шот төлеу үшін жұмыс істеп жатырмыз деп үміттенеміз", - дейді "Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Ерлан Бердалин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011745-qys-boiy-zaryqqa-us-ese-tarif-tolegen-astanalyqtar-zanaiqaiyn-zetkizdi/

pixel