«Ауыл төрге шықсын!» атты ірімшіктің жаңа топтамасы шығарылды
Жарияланған күні:
«Ауыл» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын Атырау облысында жалғастыруда. Партия төрағасы Әли Бектаев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Д.Кəпұлы, А.Данченко, А.Зейнуллин, І.Досхожаев Атырау облысы Махамбет ауданының тұрғындарымен, кәсіпкерлерімен кездесті.
«Ауыл» партиясының делегациясы бірден Махамбет ауданында орналасқан «Сарайшық» ЖШС ат басын тіреді. Серіктестік ұжымымен кездесті. Асыл тұқымды ешкі өсірумен айналысатын шаруашылық – осы саладағы өнеркәсіптік типтегі екі ірі кәсіпорынның бірі. Өзінің түрлі өнім шығаратын өңдеу-шығару орталығы бар. Ферманы «Ауыл» партиясынан Мәжіліске кандидат Розметова Тамила басқарады. Ондаған жыл бұрын қайта құрылымдалып, заманауи қалыпқа келтірілген ферма бүгінде үлкен кешенге айналып отыр.
«Бұл еңбек адамының нәтижелі жұмысының арқасы. Осындай адамдардың төккен тері мемлекет тарапынан ескеріліп, құрметтеліп отырса, халықтың ауыл шаруашылығына, агробизнеске деген ынтасы көптеп артар еді. «Ауыл» партиясының мақсаты – ауыл бизнесін дамытуда жіберілген олқылықтардың орнын толтыру. Біз Парламент Мәжілісіне барғанда бел шеше кірісетін және белсене көтеретін басты мәселеміздің бірі әрі бірегейі – бүгінде құны түсіп, қадірі кеткен еңбек адамына деген құрметті бұрынғы деңгейіне қайтару», – деді «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев.
Заманауи технология арқасында жоғары өнімділікке қол жеткізген ешкі фермасы партия мен оның сайлауалды бағдарламасының құрметіне ешкі сүтінен жасалған, қаптамасына партияның «Ауыл төрге шықсын!» жазылған ірімшіктің «Ауыл» атаулы жаңа топтамасын шығарды. Ол сол сәттен бастап Атырау облысының бүкіл дүкеніне сатылымға шығарылды.
Атырау облысы мұнайлы, өнеркәсібі дамыған өлке болуымен қатар ауыл шаруашылығын да алдыңғы қатарға шығарған аймақ. Өңір халқының агробизнеске деген қызығушылығы жоғары. Сарайшықта өте қызықты тәжірибе жасалып, өте жақсы нәтиже шығарылған. Мұнда лимон өсіретін және содан ауыз толтырып айтарлықтай табыс табатын жылыжай бар. Мұны шағын шаруашылықтар үшін нәтижелі тәжірибе ретінде таратуға әбден болады.
Басып шығарушы: «Ауыл» партиясының баспасөз қызметі, Алматы қаласы, Алматы 1
Тапсырыс беруші: Джангазиева А.Б.
Материалдың ақысы «Ауыл» ХДПП сайлау қоры қаражатынан төленді.
*Бұл ақпаратты кез келген БАҚ-та кез келген түрде көшіруге, жариялауға, қайта басып шығаруға, көбейтуге және/немесе таратуға тыйым салынады (веб-сайтта, БАҚ-тың әлеуметтік желілердегі, әлеуметтік және блог-платформалардағы аккаунттарында, мессенджерлерде жариялау және қайта жариялау); сондай-ақ бұл ақпаратты кез келген әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі жалпыға ортақ және жеке аккаунттарда таратуға және репост жасауға тыйым салынады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011791-auyl-torge-syqsyn-atty-irimsiktin-zana-toptamasy-sygaryldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.