Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда "Үш қоңыр" және "Весновка" тұрғын үй кешенін салушылар қамауға алынды

Опубликовано:

абақты
Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда "Lider Group Consalt" ЖШС басшылары қамауға алынды. Үлескерлердің ұжымдық арызы негізінде "Алаяқтық" бабымен қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Бас прокуратура ресми сайтында.

Алматы полиция департаменті "Үш қоңыр" және "Весновка" тұрғын үй кешені үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде тергеу жүргізуде.

Қала прокуратурасы тергеу органының "Lider Group Consalt" ЖШС директоры мен бірқатар тұлғаларын күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхатын қолдаған.

Қазіргі уақытта тергеу сотының санкциясымен олар 2 ай мерзімге күзетпен ұстауға алынды.

Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Тергеу органдары істің мән-жайын анықтау үшін барлық шараларды қолдануда және іс прокуратураның бақылауында.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011802-almatyda-us-qonyr-zane-vesnovka-turgyn-ui-kesenin-salusylar-qamauga-alyndy/

pixel