Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысындағы арнайы операция: 40 адам ұсталды (видео)

Опубликовано:

Арнайы операция
Қарағанды облысындағы қылмыстық топқа қарсы арнайы операция. Фото: polisia.kz

5 наурызда ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті мен ҰҚК бесінші департаменті бірлесіп, Қарағанды облысындағы криминогендік жағдайға ұзақ уақыт бойы теріс әсер етіп келген қылмыстық топтың жолын кесу бойынша арнайы операция өткізген. Нәтижесінде 40 адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, ұсталған топтың мүшелері атыс қаруын қолданып, түрлі қақтығыстар ұйымдастырып, қоғамдық тәртіпті бұзды деген күдікке ілінген.

Басылымның дерегінше, топ мүшелерінің саны 50-ге жуық, оның ішінде құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері, сондай-ақ күзет ұйымдарының қызметкерлері де бар.

"Көшбасшы мен топ мүшелерінің арасында нақты иерархия құрылған. Әрбірінің міндеті мен өз рөлі болған. Жасырыну шаралары қатты сақталған. Өткізілген арнайы іс-шаралар нәтижесінде өңірдің ірі өнеркәсіптік объектілерінде, оның ішінде "Арселлор Миттал Теміртау" акционерлік қоғамында тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлау фактілері ашылды.

Топ мүшелерінің бірқатар ашылмаған ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бары анықталды. Бұл - бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, кісі өлтіруге оқталу және бұзақылық", - деп жазады ІІМ ақпараттық медиа-порталы.

Басылымның мәліметінше, арнайы операция барысында 100-ден астам тінту іс-шаралары жүргізілген. 9 атыс қаруы, 200-ге жуық оқ-дәрі, гранатомет, тротил, гранаталар, құжаттар және жалған мөрлер, діни әдебиеттер, қолма-қол ақша, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, сондай-ақ қашықтан тыңдауға арналған арнайы техникалық тыңдау құралдары тәркіленген.

40 адам полицияға жеткізілген. Құзырлы орган қазіргі таңда жедел тергеу шаралары әлі де жалғасып жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011836-qaragandy-oblysyndagy-arnaiy-operaciya-40-adam-ustaldy-video/

pixel