Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Kazakhmys Barlau мен Qazaq Geophysics Торонтодағы PDAC Халықаралық тау-кен өндірісінің форумына қатысып жатыр

Опубликовано:

Kazakhmys Holding
Фото: Kazakhmys Holding

2023 жылғы 5 наурызда Канадада тау-кен индустриясындағы ең ірі іс-шаралардың бірі - PDАC-2023 форумы - The world’s premier mineral exploration and mining convention басталды.

Оған Kazakhmys Barlau компаниясының бас директоры Ғалым Нұржанов, ҚР сыртқы істер вице-министрі Алмас Айдаров, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Шархан Иран және қазақстандық ірі геологиялық барлау кәсіпорындарының мамандары бастаған делегациялары қатысты.

Kazakhmys Holding
Фото: Kazakhmys Holding

PDAC - геологиялық барлау саласының проблемаларын ортаға салатын ең үлкен алаңдардың бірі. Форум аясындағы пленарлық сессиялардың бірінде Qazaq Geophisics директоры Бекасыл Аукешев сөз сөйлеп, инновациялық аэрогеофизикалық технологияларды таныстырды.

Сондай-ақ PDАC-2023 аясында өткізілген көрмеде Қазақстан өз павильонын орналастырды.

Kazakhmys Holding в Торонто
Фото: Kazakhmys Holding

Ғалым Нұржановтың айтуынша, форум аясында ашылған қазақстандық павильон еліміздің геология саласындағы шексіз мүмкіндіктері мен шетелдік инвестицияларға ашықтығын көрсетті. Сондай-ақ Канада мен Қазақстанның серіктестігі үшін жаңа жолдар ашты.

Сонымен қатар PDАC-2023 аясында Kazakhmys Barlau мен Bureau Veritas арасында Қазақстанда халықаралық геохимиялық зертхана ашу жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Kazakhmys Holding в Торонто
Фото: Kazakhmys Holding

Әріптестік аясында елімізде жаңа халықаралық геохимиялық зертхананың құрылысы жоспарланды. Бұл геологиялық барлау нарығының дамуына байланысты Қазақстан мен ТМД-ға тартылған үшінші халықаралық зертхана болып отыр. Бұған дейін ALS мен SGS келген болатын.

Bureau Veritas – бизнеске қызмет көрсетуге бағытталған 32 геохимиялық зертханасы, 140-тан астам мемлекетте өкілдігі бар француздық компания. Сондай-ақ ол өнімділікті артырып, қатерлерді кеміту мақсатында тестілеу, инспекция және сертификация қызметтерін ұсыну саласындағы жетекші мекеме.

Kazakhmys Holding в Торонто
Фото: Kazakhmys Holding

PDАC-2023 бағдарламасына іскерлік және инвестициялық мүмкіндіктер, қарым-қатынас орнату және көптеген қоғамдық іс-шара енгізілген. Биылғы форум 91 жылдық тарихындағы ең ауқымдысы болып отыр. Оның аясында капитал нарығы, студенттік шақ және карьераны ерте бастау, тұрақты даму және техникалық бағдарламалар сынды көп сағаттық бағдарламалар енгізілген. Жиынға 25 мемлекеттің компаниялары қатысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011913-kazakhmys-barlau-men-qazaq-geophysics-torontodagy-pdac-xalyqaralyq-tau-ken-ondirisinin-forumyna-qatysyp-zatyr/

pixel