jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Алдағы мереке күндері Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді

Халыққа қызмет көрсету орталығы
Халыққа қызмет көрсету орталығы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы алдағы мереке күндері елдегі Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына байланысты 8, 21, 22 және 23 наурызда Қазақстанның ХҚКО-лары мен МХҚКО-лары жұмыс істемейтінін хабарлайды", – делінген корпорацияның хабарламасында.

Айта кетейік, осы аптада 6, 7, 9 және 10 наурыз күндері ХҚКО-лар мен МХҚО-лар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді. Ал 11 наурыз, сенбі күні кезекші ХҚКО-лар сағат 13-00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, ал кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері 9-00-ден 20-00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін ашық.

Сондай-ақ корпорация Астана, Шымкент және Қызылорда қалаларында кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгергенін хабарлады.

"Елордада Иманов к-сі, 20, Сәтбаев к-сі, 25 және 20-40 к-сі, 2 мекенжайларында орналасқан кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 20-00-ге дейін қабылдайды", – деп ескертті мамандар.

Алдағы мереке күндері Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.