Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

4 млрд теңгенің алтынын контрабандалық жолмен тасымалдауды ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Опубликовано:

Алтын
Алтын сақиналар. Көрнекі фото: Рixabay.com

Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен ҰҚК-нің Тергеу департаменті трансұлттық қылмыстық топ құрып, 4 млрд теңгеден астам сомаға алтын бұйымдарының заңсыз экспортын ұйымдастырды деген күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Прокуратураның хабарлауынша, күдікті ұзақ уақыт бойы тергеуден жасырынып жүрген.

"Red Notice" (Қызыл хабарлама") халықаралық іздеу бойынша бірлескен іс-шаралардың қорытындысы бойынша күдікті Қырғыз Республикасының аумағында ұсталды", – дейді Бас көлік прокуратурасы.

Күдіктіні экстрадициялауды ұлттық қауіпсіздік органдарының, полиция мен прокуратураның күштері жүзеге асырған.

"Айта кету керек, бұл іс бойынша көптеген айыпталушыға бұған дейін әр түрлі жаза түрлері кесілген. Қазіргі уақытта тағы 2 күдіктіні іздеу жалғасуда", – дейді прокуратура өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011940-4-mlrd-tengenin-altynyn-kontrabandalyq-zolmen-tasymaldaudy-uiymdastyrdy-degen-kudikti-ustaldy/