jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Тірі адам жоқ екенін білдік": Астанада Түркиядан келген құтқарушылар марапатталды

Айдын Жоламанов марапатталу сәтінде
Айдын Жоламанов марапатталу сәтінде. Фото: "Астана" арнасы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Түркияда болған жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысқан қазақстандық құтқарушылар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Астана арнасы.

Сонымен қатар, Түркияның құтқару операциясына қатысқандардың барлығына алғыс хаттар табысталды.

Құтқарушыларға, медицина қызметкерлеріне, кинологтар мен авиация мамандарына, жалпы саны 112 адамға Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жарияланды. Оның ішінде Айдын Жоламановқа ІI дәрежелі "Айбын" ордені табысталды.

"Бізге 7 қабатты үйде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Ол үйдің түгі қалмай қираған. Тірі қалған жанның жоқ екенін білдік. Үйінді астында шамамен 20-дан астам адамның денесі бар деп болжанды. Біз 25 мәйітті алып шықтық", - дейді Айдын Жоламанов.

Дәрігер Алмагүл Алдабекова мұндай ірі апаттарға теориялық тұрғыдан дайын болғанмен практика тұрғысында өз көзіңмен көру мүлдем қиын екенін айтады. Бірақ барынша тырысып, тиісті көмекті көрсеткен.

"Бар шамамызбен көмек жасадық. Медициналық көмек, психикалық, моральдық көмек жасадық. Түркияның адамдары бізге риза болып, рахметін айтты. Өзім жақсы жұмыс істедік деп ойлаймын", - дейді Алмагүл Алдабекова.

Қазақстандық құтқарушылар Түркияда үш провинция аумағында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді. Атап айтсақ, Нурдагы ауданында, Газиантеп және Хатай қалаларында азаматтарды үйінділерден шығаруға атсалысты. Сонымен бірге Қахраманмараш провинциясына үздіксіз гуманитарлық көмек жеткізіп отырды.

"Тірі адам жоқ екенін білдік": Астанада Түркиядан келген құтқарушылар марапатталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.