Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"180 мың болуы мүмкін": Министр құтқарушылардың жалақысы қаншаға өсетінін болжады

Опубликовано:

құтқарушылар
Құтқарушылар. Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Бүгін Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен соң елге оралған құтқарушылар мен дәрігерлер марапатталды. Салтанатты жиында сөз алған Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин құтқарушылардың жалақысы туралы айтты, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

"Үкіметтің қаулысына сәйкес, бізде жалақы өсіп жатыр. Басшылық құрамның еңбекақысы төменгі мөлшермен өсетін болса, жалпы құрам қызметкерлерінің жалақысы бірден 70%-ға дейін ұлғаяды. Қызметкер алғашқы кезеңде шамамен 110 мың теңге алады. Енді олар 179-180 мың теңге көлемінде алады деп үміттенеміз", - деді министр.

Айта кетелік, қазақстандық құтқарушылар Түркияда үш провинция аумағында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Атап айтсақ, Нурдагы ауданында, Газиантеп және Хатай қалаларында азаматтарды үйінділерден шығаруға атсалысты.

Сонымен бірге Қахраманмараш провинциясына үздіксіз гуманитарлық көмек жеткізіп отырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011965-180-myn-boluy-mumkin-ministr-qutqarusylardyn-zalaqysy-qansaga-osetinin-bolzady/

pixel