27 градусқа дейін жылы және жауын-шашын: бүгін ел мегаполистерінде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Синоптиктер бүгін, 7 наурызда Қазақстанның ірі қалалары - Астана, Алматы Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін күндіз Алматыда +18...+20°C-қа дейін жылы болады, түнде ауа температурасы +5...+7°C-қа дейін төмендейді. Оңтүстік астанада жауын-шашын күтілмейді, желдің жылдамдығы 3-5 м/с.
Шымкентте күндіз термометр +25...+27°C-қа дейін көтерілсе, түнде +13...+15°C-қа дейін төмендейді. Сейсенбіде үшінші мегаполисте де жауын-шашынсыз шуақты күн күтілуде, дегенмен екпіні 15-20 м/с-қа дейін жететін күшті жел тұруы мүмкін.
Ал Астанада бүгін жаңбыр жауып, жел күшейеді, соған байланысты елордада дауылдық ескерту жарияланды. Ауа температурасы күндіз +2...+4°C, түнде +3-тен -5°C-қа дейін төмендейді.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер жалпы биыл наурыз айында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011979-elordada-zauyn-sasyn-ontustikte-27-gradusqa-deiin-zyly-bugin-el-megapolisterinde-aua-raiy-qandai-bolady/