jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысында оқушы суға батқан 3 жасар бүлдіршінді құтқарып қалды (видео)

Нұрполат Нұргелді
Нұрполат Нұргелді. Видеодан кадр: instagram.com/turkistan.time

Түркістан облысында 8 сынып оқушысы байқаусызда арыққа құлап, тұншығып қалған 3 жасар бүлдіршінді аман алып қалуға себепші болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің мәліметінше, оқиға Мақтаарал ауданының Абай ауылында болған.

3 жасар бүлдіршін үйден шығып, байқаусызда арыққа құлап, суға батып кеткен. Оны сол маңнан атпен шауып бара жатқан жасөспірім көріп қалып, шалшық судан алып шығып, үлкендерді көмекке шақырған.

"Абырой болғанда үш жастағы бүлдіршін аман қалды. Ауыл тұрғындары есінен танып қалған баланың аяғы мен қолын қимылдатып, жасанды дем беріп, алғашқы көмек көрсеткен. Артынша жедел жәрдем қызметін шақыртқан", - деп жазады басылым.

Кейін аудан орталығынан келген дәрігерлер баланың денсаулығын тексеріп, жағдайы бірқалыпты, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ деп қорытынды жасаған.

Түрікстан облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, балақайды құтқарып қалған оқушының есімі - Нұргелді Нұрполат. Ол Жамбыл ауылдық округіне қарасты Кеңесшіл ауылында тұрады. №37 Үкібай орта мектебінің 8 сынып оқушысы.

Түркістан облысында оқушы суға батқан 3 жасар бүлдіршінді құтқарып қалды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.