"Гүлдер және өзімнің махаббатым": ІІМ басшысы 8 наурызда не сыйлайтынын айтты
Жарияланған күні:
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов үкімет кулуарында 8 наурызда әйелдерге әдетте не беретінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында журналистер елдегі бас полицей әйелдерге бұл күні не беретінін сұрады.
"Гүлдермен бірге өз махаббатымды сыйлаймын", – деді Марат Ахметжанов қысқа қайырып.
Кейінірек ол әйелдердің көшбасшы ретінде нені өзгерте алатынын және жалпы әйелдердің жұмысқа деген қарым-қатынасы туралы айтты.
"Әйелдің құқық қорғау органдарына келуінің өзі үлкен ерлік. Біздегі жұмыс уақытқа бағынбайды, міндет өте көп, стресс те көп. Бізде 7 бала тәрбиелеп отырған аналар бар, олар тұрақты жұмыс істейді. Әйел адам психологиялық төзімді, ол жұмысына құрметпен қарайды. Әйелдер өте тиімді жұмыс істейді.
Жақында бізде Түркістан облысында тергеуші қыз қаржы пирамидасы бабы бойынша 2100 жәбірленушіге қатысты ірі қылмыстық істі аяқтады", – деді министр.
Тағы бір батылдықты елордалық қызметкер көрсеткен.
"Астанада қызметкер көршілерін, яғни 7 адамды өрттен құтқарып, өз үйін паналауға берді. Бұл биыл болған оқиға", – деп қорытындылады Ішкі істер министрі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012050-gulder-zane-ozimnin-maxabbatym-iim-bassysy-8-nauryzda-ne-syilaitynyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.