Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марат Ахметжанов қандай жағдайда балағат сөз айтқандарға айыппұл салынбайтынын мәлімдеді

Жарияланған күні:

Марат Ахметжанов
Марат Ахметжанов. Фото: Рolisia.kz

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов министрлер кабинетінің кулуарында әдепсіз сөздер үшін берілетін жаза қаншалықты тиімді және нәтижелі болады деген сұраққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дүйсенбі, наурыздың 6-сы күні Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске әдепсіз сөздер айтқаны үшін жазаны қатайтатын түзетулер күшіне енді. Осы орайда журналистер Ішкі істер министрінен қазақстандықтардың дөрекі сөзге үйреніп қалғанын ескеріп, оның пікірінше жаңа ережелердің қаншалықты тиімді болатынын сұрады.

"Сіздерге бірден айтамын, заң бұрын да болған, бұл жолы тек жауапкершілікті күшейтті. Сонымен қатар, заң бірінші кезекте бұзақылықпен күресуге бағытталғанын айта кету керек. Бізде тұрғын үйлерді, лифттерді қорлау көп болды. Бұл әрекеттерге барғандарды жауапкершілікке тарта алмадық. Сондықтан бүгінгі күні қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді", – деп түсіндірді Марат Ахметжанов.

Сонымен қатар ол әдепсіз сөздерге жауапкершілік те күшейтілгенін айтты.

"Оның өзіндік квалификациялық белгілері бар, яғни шынымен де қоғамдық тәртіпті бұзу, қоғамға деген айқын құрметсіздік пен цинизм болуы керек, яғни іс-әрекеті немесе сөзі қоғамымыздың моральдық қағидаларына сәйкес келмейтін бұзақы болуы қажет және қоғамдық тәртіпті бұзған жағдайда ар-намысы мен абыройына нұқсан келген жәбірленуші болуы тиіс.

Бірақ өмірде әр түрлі жағдайлар болады: балға аяққа түсіп кетсе, бұл енді қоғамдық тәртіпті бұзу болып табылмайды", – деп түйіндеді сөзін ІІМ басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012057-marat-axmetzanov-qandai-zagdaida-balagat-soz-aitqandarga-aiyppul-salynbaitynyn-aitty/