Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі ұлымнан айырылған соң қолға алдым": Асанәлі Әшімов күнделік жазуға ауыр қайғының себеп болғанын айтты

Опубликовано:

Асанәлі Әшімов
Асанәлі Әшімов. Фото: instagram.com/bagdat.ashimova

Актер Асанәлі Әшімовтің күнделік жанрында қалам тербейтінін көпшілік жақсы біледі. Абыз ақсақалдың айтуынша, оның күнделік жазуына әйелі мен ұлдарының ажалы себеп болған, деп жазады "Хабар" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Алғашқы жазғаным - Майраның әні. Майра кеткеннен кейін отырдым. Жазу арқылы Майрамен сөйлестім (Майра - Асанәлі Әшімовтің марқұм әйелі - ред.). Қайғы-қасіретті жазу арқылы шығарайын деп, сөйлесіп отырып жаздым. Екінші кітабым екі бала кеткен соң шықты. "Жан бөлек" деп аталады. "Шығарға жан бөлек" деген сөз ғой... Сегіз томдық кітабым шықты", - деді Әшімов.

Айта кетелік, Асанәлі Әшімов былтыр 85 жасқа толды. Ол 1993 жылы жұбайы Майраны жерлейді. Ал 1999 жылы екі ұлы - Сағи мен Мәди араға көп уақыт салмай көз жұмады.

Бұл актерді одан әрі қынжылтып, кейін оның күнделігі жарық көрді.

"Бұл сынақтан қалай өткеніме өзім де таңғаламын. Кітап жаздым, оны роман етейін деп жазғаным жоқ. Майрамен әңгімелесейін деп жаздым. Екіншісі - "Жан бөлек" деп балаларға арнап жаздым. Үйде есікті іліп алып, айқайлаған кезім болды. Тауға шығып алып, Майра деп айқайлайтынмын. Сондай әрекеттермен аман қалдық. Ауырдық, ауруханаға түстік. Жан бөлек болғаннан кейін, тірі адам тіршілігін жасайды екен", - деді актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012067-eki-ulymnan-aiyrylgan-son-qolga-aldym-asanali-asimov-kundelik-zazuga-auyr-qaigynyn-sebep-bolganyn-aitty/

pixel