Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодардағы қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды

Жарияланған күні:

Нәрестенің аяғы
Нәресте. Көрнекі фото: Рexels.com

Павлодар қаласында үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінен сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды "ІІМ жаңалықтары" Telegram-арнасы.

Полицияның хабарлауынша, 7 наурыз күні сағат 12:47-де Павлодар қаласының полициясына қоңырау келіп түскен. Онда Б.Жырау көшесіндегі үйдің ауласында қоқыс жәшігінде өлі туылған баланың эмбрионы табылғандығы жайлы айтылған.

"Осы факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", – делінген хабарламада.

Қазіргі кезде аталған фактіге қатысы бар адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012097-pavlodardagy-qoqys-zasiginen-oli-tuylgan-bala-tabyldy/