Павлодар облысында қатты жел болып, 20-дан астам ауыл жарықсыз қалды (фото)
Жарияланған күні:
Павлодар облысында қатты жел болып, салдарынан 20-дан астам ауыл жарықсыз қалды. Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді, деп жазады Pavlodarnews.kz.
8 наурыз күнгі сағат 8:00-дегі жағдай бойынша, жылдамдығы 27 м/с дейінгі желдің салдарынан 2 елді мекенде шатыр құлаған.
Сағат 04:15-те Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылындағы мектептің де шатырын жел ұшырып әкеткен.
Сағат 06:30-да Павлодар қаласы Катаев көшесі 18 мекенжайындағы 4 қабатты әкімшілік ғимараттың 1440 шаршы метр көлемінде шатыры құлаған.
"Бұнда шатырдың соңғы жөндеу жұмыстары 1980 жылы жүргізілген. 2022 жылғы жөндеу жұмысы аяқталмаған", - деді ведомство.
Сонымен қатар, қатты жел салдарынан Павлодар облысының екі ауданында электр қуатының апаттық сөнуі тіркелді.
Май ауданындағы 5 елді мекенде (Баскөл, Кентубек, Майтүбек, Ақжар және ішінара Көктөбе ауылдары) жарық өшті.
Төтенше жағдайлар департаменті қазіргі уақытта абоненттер саны нақтыланып жатқанын жеткізді.
Бұдан бөлек Аққулы ауданындағы 16 елді мекенде (Бесқарағай, Жамбыл, Жаңатан, Айтей, Шарбақты, Тосағаш, Жабағылы, Қазы, Малыбай, Қазантай, Майқарағай Мерғалым, Шақ, Шоқтал, Аққулы және Ямышево ауылдарында) жарық өшкен.
Белгілі болғандай, апатты жою үшін аудандық электр станциясының қызметкерлері жұмылдырылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012145-pavlodar-oblysynda-qatty-zel-bolyp-20-dan-astam-auyl-zaryqsyz-qaldy-foto/