jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Бейсенбіде Қазақстанның ірі қалаларында найзағай ойнап, қатты жел соғуы мүмкін

Жел
Көрнекі фото: pixabay.com

Бейсенбі, 9 наурыз күн Алматы мен Шымкентте тұман мен найзағай салдарынан дауылдық ескерту жарияланды. Ал Астана қаласында қатты жел соғуы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда күн күркіреп, секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. Осы ретте ауа температурасы күндіз +18...+20°C, түнде +2...+4°C жылы болады. Сонымен қатар шаһарда тұман салдарынан дауылдық ескерту жарияланды.

Астанада, мамандардың ақпаратынша, күн райы ашық болады. Алайда қалада екпіні 15-20 м/с дейін жететін жел соғуы ықтимал. Күндіз -2...-4°C, түнде -11...-13°C суық болады деп күтілуде.

Шымкентте де бүгін найзағай ойнап, желдің күші 8-13 м/с, екпіні 20-25 м/с дейін жетуі мүмкін. Күндіз сынап бағанасы +13...+15°C дейін көтерілсе, түнде ауа температурасы +3...+5°C шамасында болады. Найзағай салдарынан үшінші мегаполисте дауылдық ескерту жарияланды.

Бейсенбіде Қазақстанның ірі қалаларында найзағай ойнап, қатты жел соғуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.