jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Астанадағы заңсыз крипто айырбастау пунктінде 157 млн теңгеден астам қаражат тәркіленді

Криптовалюта
Криптовалюта. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржылық мониторинг агенттігінің елордадағы департаменті "ABS Change" крипто айырбастау пунктіндегі заңсыз кәсіпкерлікті әшкереледі. Үш азамат тергеуге алынды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агентігі ресми Telegrem-арнасында.

Агенттіктің мәліметінше, аталған азаматтар заңсыз әрекетін Астана халықаралық қаржы орталығы алаңынан тыс жерде іске асырған. Олар 2021-2023 жылдар аралығында Астана қаласының аумағында қылмыстық әрекетін жүзеге асырғаны анықталды.

"Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде айырбастау пунктін ұйымдастырушыладың заттары, 342 000 АҚШ доллары (157 млн теңге) және 7 млн теңгесі тәркіленді. "Binance" платформасында 2 крипто әмияннан 23 мыңға жуық АҚШ доллары сомасына криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеу қойылды",- дейді агенттік өкілдері.

Сонымен қатар алдын ала есеп бойынша "Binance" платформасындағы крипто айырбастау пунктінің крипто әмияндарының жалпы айналымы шамамен 34 млн АҚШ долларын құраған.

Құзырлы мекеме оқиға бойынша тергеуді жалғастырып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Астанадағы заңсыз крипто айырбастау пунктінде 157 млн теңгеден астам қаражат тәркіленді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.