Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды

Опубликовано:

Мұрат Бектанов
Мұрат Бектанов. Фото: Вадим Савицкий / ТАСС

Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды. Бұл туралы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ BaigeNews.kz порталына сілтеме жасап.

"Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының 2023 жылғы 24 ақпандағы үкімімен М. Бектанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген сот хабарламасында.

Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Сонымен қатар бұл іс "Құпия" белгісімен қаралғандықтан, сот толық ақпарат бере алмайтыны атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012234-buryngy-qorganys-ministri-murat-bektanov-12-zylga-sottaldy/

pixel