Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот Гүлмира Сатыбалдыны үйқамаққа ауыстырудан бас тартты

Опубликовано:

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы басталды
Гүлмира Сатыбалды. Видеодан кадр: КТК арнасы

Елордалық сот Гүлмира Сатыбалдының адвокатының өтінішін қанағаттандырмады. Қорғаушы бұлтартпау шарасын өзгертуді сұраған болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазір Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Оның адвокаты соттан жазаны жеңілдетіп, үйқамаққа ауыстыруды немесе кепіл белгілеуді сұраған еді.

Гүлмира Сатыбалдының қорғаушысы бұлтартпау шарасын жеңілдетумен қатар, оған қатысты істі толық тоқтату туралы да өтініш білдірген болатын.

Алайда астаналық сот адвокаттың өтінішін қанағаттандырмады.

"Қорғаушылардың Сатыбалды мен Батыршаевқа қатысты олардың іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату, істі прокурорға қайтару, сондай-ақ бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініштері қанағаттандырылмайды", – дейді Байқоңыр аудандық №2 сотының судьясы Кемеңгер Имашев.

Айта кетейік, Гүлмира Сатыбалдыға қатысты іс бойынша негізгі сот талқылауы 14 наурызға белгіленген.

Бұған дейін прокурор сотта Гүлмира Сатыбалдының Қазақстан шекарасын кесіп өтуге тырысқанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012307-sot-gulmira-satybaldyga-qatysty-bultartpau-sarasyn-uiqamaqqa-ozgerteuden-bas-tartty/