Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 сәуірден бастап "Шымбұлақ" аумағына электромобильмен ғана кіруге болады

Опубликовано:

Тау
Тау. Көрнекі фото: pixabay.com

1 сәуірден бастап "Шымбұлақ" тау-шаңғысы курортының аумағына электромобильмен ғана кіруге болады, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Әкімдіктің хабарлауынша, мұндай шектеу көлік жүктемесін және қоршаған ортаға әсер ететін зиянды шығарындыларды азайту үшін енгізіліп отыр.

Әкімдік тыйым электромобильдер, шұғыл, жедел, коммуналдық және арнайы қызметтердің арнайы техникасы мен көлігін қоспағанда, барлық автокөлікке қатысты екенін атап өтті.

Сондай-ақ әкімдік "Медеу" МАТП аумағында орналасқан кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғаларға тиесілі және (немесе) соларға қызмет көрсететін көліктерге (бензин, дизель және газбен жүретін көліктер) шектеу осы жылдың бірінші қыркүйегінен бастап күшіне енетінін еске салды.

"ШОБ өкілдеріне жеңілдікпен электромобиль сатып алуға мүмкіндік беріледі. "Алматы" ӘКК" АҚ арқылы 7 жыл мерзімге дейін жылдық мөлшерлемесі 6 пайызбен 30 млн теңгеге дейін кепілді жеңілдетілген несие рәсімдей алады. Қарыз алушының өзінің сомасы 50 пайыздан кем болмауы керек", - дейді әкімдік өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012409-1-sauirden-bastap-symbulaqqa-elektromobilmen-gana-syguga-bolady/

pixel