Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында мектептің қабырғасы жаңбырдан кейін жарылып кеткен

Опубликовано:

Кеңқияқ мектебіндегі құлайын деп тұрған қабырға
Кеңқияқтағы мектепте қабырға жарылған. Фото: diapazon.kz

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ елдімекеніндегі мектептің қабырғасы жарылған. Ата-аналардың айтуынша, жарық мектеп пайдалануға берілгеннен кейін көп ұзамай пайда болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Диапазон" баслымына сілтеме жасап.

Басылымның дерегінше, Кеңқияқ орта мектебінде 1400 оқушы үш ауысымда оқиды.

"Қабырғадағы жарық мектеп пайдалануға берілгеннен кейін көп ұзамай пайда болса, қазір ол одан сайын ұлғайған. Бұл қауіпті ғой. Құлайын деп тұрған қабырғаның қасында 5-6 оқу бөлмесі бар", - дейді Кеңқияқ аулының тұрғындары.

Кеңқияқмектебіндегі құлайын деп тұрған қабырға
Кеңқияқтағы мектепте қабырға жарылған. Фото: diapazon.kz

"Құлап тұрған көтергіш қабырға емес, қалқасы. Жарық жаңбырдан кейін пайда болды. Қабырғасы бұзылып, қауіпті орын қоршалды, қайтадан жаңадан қаланады", - деп түсіндірді білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұргүл Бертілеуова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012442-aqtobe-oblysynda-mekteptin-qabyrgasy-zanbyrdan-keiin-zarylyp-ketken/

pixel