Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында болған жол апатынан бір отбасы мерт болды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Бейсенбі, 9 наурыз күні Атырау облысында үш адам, оның ішінде кішкентай бала қаза тапқан жантүршігерлік жол апаты болды. Бұл туралы "ҚР ІІМ жаңалықтарының" Telegram-арнасы хабарлайды.

Полицияның хабарлауынша, ірі жол-көлік оқиғасы 9 наурыз күні болған.

Яғни республикалық маңызы бар Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолының 551 шақырым тұсында "Ларгус" және УАЗ автокөліктері бетпе бет соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан оқиға орнында "Ларгус" автокөлігінің 1990 жылы туған жүргізушісі және 1994 жылы туған жолаушысы мен 2022 жылғы нәресте қаза тапты", – делінген хабарламада.

Ал УАЗ автокөлігінің 3 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілген.

Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда.

Кейін полицейлер қаза тапқан үш адамның бір отбасы екенін, яғни анасы, әкесі және бір жасар қызы екенін айтты.

Полицейлер жүргізушілерді жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға және жолда сақ болуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012507-atyrau-oblysynda-bolgan-zol-apatynan-bir-otbasy-mert-boldy/

pixel