Атырау облысында отыз жастағы әйел төртінші баласын өз үйінде босанып қалған
Жарияланған күні:
Атырау облысында отыз жастағы әйел төртінші баласын өз үйінде босанды. Бұл туралы "Ақ жайық" басылымы хабарлайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Фельдшерлер Динара Рысқұлова мен Жанаргүл Қонаева кезекті шақыртуға шыққанда, жағдай өздері ойлағандай болмады. Алайда олар тез шешім қабылдап, аяғы ауыр әйелді үйінде аман-есен босандырып алды.
5 наурызда 103 жедел жәрдем қызметінің пультіне сағат 15:43-те жүкті әйелдің (38 апта) босана бастағаны туралы қоңырау түсті. Жедел жәрдем бригадасы 15:55-те жетті. Толғағы қысқан 30 жастағы әйелді перзентханаға жеткізуге үлгермейтінін түсініп, үйден босандыруға шешім қабылдайды. Олардың кәсіби іс-әрекеттерінің нәтижесінде әйел аман-есен босанды. Дүниеге анасының төртінші перзенті болып салмағы – 3 600 кг, бойы – 53 см қыз бала келді.
Кейін анасы сәбиімен бірге Доссор селолық ауруханасының перзентхана бөлімшесіне жеткізілді. Олар бірнеше күн мамандардың бақылауында болып, 9 наурыз күні үйіне шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012519-atyrau-oblysynda-otyz-zastagy-aiel-tortinsi-balasyn-oz-uiinde-bosanyp-qalgan/