Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік әйел өзіне балағат сөздер жазып, қорлаған бұрынғы күйеуін сотқа берді

Опубликовано:

хабарлама оқып тұрған әйел
Хабарлама оқып тұрған әйел. Фото: pixabay.com

Ақтөбе облысы, Қоба ауданындағы ауыл тұрғыны бұрынғы күйеуінің балағат сөздер жазып, қорлағанын айтып, сотқа жүгінген. Сот ер адамға айыппұл салып қана қоймай, әйелге өтемақы төлеуді міндеттеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Әйелдің сөзіне сүйенген басылымның жазуынша, ер адам бұрнғы әйеліне балағат сөздер жазып, қорлап, қорқытқан. Ал кейін сондай сарындағы смс-хаттарды әйелдің кіші сіңлісіне жібере бастаған.

Жапа шеккен әйел сотқа жүгініп, ер адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуды, сондай-ақ моральдық өтемақы ретінде 1 миллион теңге төлеуді талап еткен.

Алайда сот алдына келген ер адам өз кінәсін мойындамаған. Оның айтуынша, ол абақтыда отырған кезде ұялы телефон бұрынғы әйеліңде қалған. Осыны пайдаланып, бұрынғы әйелі өз-өзіне намысқа тиетін сөздер жазған.

Сонымен қатар ер адам абақтыда отырған кезде бұрынғы әйелін ерлі-зайыпты болып тұрған кездеріндегі жинаған мүлктерін сатып, одан түскен қаржыны алкогольді сусындарға жұмсап жбіреді деп айыптаған. Ер адамның пікірінше, енді ақша таусылғанда келіншек тағы талап етіп отыр.

Басылымның хабарлауынша, екі жақтың да пікірін тыңдаған сот ер адамды кінәлі деп тапқан. Яғни, айыпталушы шын мәнінде бұрынғы әйеліне намысына тиетін сөздер жазып, қорлады деп танылған.

Осылайша, сот ер адамға 69 мың теңге айыппұл салып, бұдан бөлек бұрынғы әйеліне моральдық өтемақы ретінде 50 мың теңге төлеуді міндеттеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012569-aqtobelik-aieli-ozine-balagat-sozder-zazyp-qorlagan-buryngy-kuieuin-sotqa-berdi/

pixel