jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Ойылған асфальттың орнына кірпіш төсеген": желіде Атыраудағы жолдардың суреті қызу талқыға түсті (фото)

асфальттың орнына кірпіш төселген жол
Асфальттың орнына кірпіш төселген жол. Фото: instagram.com/atyrauoil.news

Желіде Атырауда жамалған жолдардың суреті тарауда. Суретте ойылған асфальттың орнына кірпіш төселгенін байқауға болады. Осыған байланысты Атырау әкімдігі жолдағы шұңқырларға неліктен кірпіш төселгенін түсіндірді.

Жолдарға асфальттың орнына кірпіш төселгені бейнеленген фото-видео Instagram-дағы атыраулық пабликте тарады. Кадр сыртындағы ер адам мұны "атыраулық нанотехнология" деп әзілдеген.

Бұл жазбаға желі қолданушылары да түрлі пікір жазуда. Бірі жолды жамауда мұндай әдісті қолдануды сынға алса, бірі керісінше "шұңқыр болып жатқанша, дұрыс шешім" екенін жазуда.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Атырау әкімдігі желіде тараған фотоға қатысты пікір білдіріп, бұл жөндеу жұмыстары басталғанға дейінгі уақытша шаралар екенін айтқан.

"Қыс мезгілінде асфальт бетіндегі шұңқырларда кірпіштердің пайда болуы жөндеу жұмыстары басталғанға дейінгі уақытша көрініс. Ал жөндеу жұмыстары Атырауда күн жылынысымен бірден басталады.

Жолды жөндеу жұмыстары наурыз айының үшінші онкүндігіне жоспарланған. Күн жылы болса жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Бүгінгі шара жүргізушілер үшін қолайсыздықты барынша азайтуға бағытталған", - дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Ойылған асфальттың орнына кірпіш төсеген": желіде Атыраудағы жолдардың суреті қызу талқыға түсті (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.