Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-дағы аудандардың бірінде су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Опубликовано:

Су тасқынын жою жұмыстары
БҚО-да су тасқынын жою жұмыстары. Фото: БҚО әкімдігінің ресми сайты

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, БҚО ТЖД жедел штабы 12 наурыздағы жағдай бойынша өңір аумағындағы су тасқынына қатысты ахуалды баяндады.

"Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша Деркөл және Шежін-2 өзендеріндегі су деңгейі қауіпті белгіден төмен. Өзендердің қауіпті учаскелерінде кезекшілік ұйымдастырылды. Су айдындарына мониторинг жүргізілуде. 11 наурыз күні Орал қаласы, Бәйтерек және Тасқала аудандарына аэровизуалды бақылау жүргізілді. Ұшу барысында Деркөл, Шаған және Шежін-2 өзендері мен бассейндерінің жай-күйі зерттелді", - делінген БҚО ТЖД жедел штабының хабарламасында.

Сонымен қатар басылым Бөрлі ауданының әкімі елдімекендерді, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын су басу қаупіне байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялағанын атап өтті.

Сондай-ақ басылымның дерегінше, Оралда сегіз үйді су басқан. Дегенмен, барлық мекенжай бойынша үйлерден су сорылған.

Одан бөлек басылым Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Сырым және Бәйтерек аудандарында еріген қар суын сору жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді.

"Асан ауылының тұрғындарынан да редакцияға қоңырау түсті. Олар қазір үйден шығудың мүмкін еместігін айтады. Себебі көшелер мен аулаларды су басқан. Ауыл тұрғындарының сөзінше, ассенизаторлар жұмыс істеп жатыр, алайда су ырық берер емес", - деп жазады басылым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012582-bqo-dagy-audandardyn-birinde-su-tasqynyna-bailanysty-totense-zagdai-zariyalandy/

pixel