Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүйсенбіде елдегі ірі қалалардың бірінде 10 градус аяз болуы мүмкін

Опубликовано:

Жаңбыр
Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Дүйсенбі, 13 наурызда Алматыда күн жаңбырлы болады. Ал Астана мен Шымкентте бүгін жауын-шашын жаумайды деп күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда күн жаңбырлы. Күндіз ауа температурасы +7…+9 градус, түнде +1…+3 градус жылы болады. Оңтүстік астанада желдің екпіні 3-8 м/с жетеді.

Елдің бас қаласы - Астанада дүйсенбіде күн ашық, жауын-шашынсыз. Күндіз елордада 0…+2 градус жылы болса, түнде -8…-10 градус суық болуы ықтимал. Сондай-ақ желдің екпіні 3-8 м/с дейін жетуі мүмкін.

Шымкент қаласында да бүгін күн ашық әрі жылы болып, көшпелі бұлт шығуы ықтимал. Күндіз сынап бағанасы +16…+18 градусқа дейін көтерілсе, түнде +5…+7 градус жылы болмақ. Шаһарда желдің екпіні 8-13 м/с дейін жетеді деп болжануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012593-duisenbide-eldegi-iri-qalalardyn-birinde-10-gradus-ayaz-boluy-mumkin/

pixel