Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда көлікті жалған техникалық байқаудан өткізгендерге жаза күшейеді

Опубликовано:

Автокөлік және маман
Техникалық байқау құжатына жауапкершілік күшейеді. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов автокөлікті жалған техникалық байқаудан өткізгені үшін жауапкершілік күшейетінін мәлімдеді. Премьер-министрдің депутаттық сауалға жауабы сенаттың ресми сайтында жарияланды.

Премьер-министрдің айтуынша, міндетті техникалық байқау саласындағы құқық бұзушылықтарға жауапкершілікті күшейту мақсатында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске" өзгерістер енгізіледі.

"Көлік құралынсыз техникалық байқау жүргізгені үшін жазаны күшейту көзделеді. Жалған техникалық байқау құжатын жасатқаны үшін автокөлік иелеріне, сондай-ақ жалған құжатты жасауға жол бергені үшін "Техбайқау" бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторына да айыппұл салу қарастырылған", - деді Смайылов

Еске салайық, өткен жылдың қаңтар айында мәжілістің бір топ депутаты үкіметтен Қазақстанда көліктерді міндетті техникалық тексеруден алып тастауды сұраған болатын. Алайда автокөлік мамандары мұндай бастамаға қарсы шыққан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012599-qazaqstanda-kolikti-zalgan-texnikalyq-baiqaudan-otkizgenderge-zaza-kuseiedi/

pixel