Шымкенттік лауазымды тұлғалар 68 млн теңгеден астам ақша жымқырды деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар тауарларды, оның ішінде 3000 тонна 1 сұрыптағы ұнды өткізу барысында аса ірі мөлшерде ақша ұрлау фактісі анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми Telegram-каналында хабарланды.
Ведомство ақпаратынша, Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті қызметкерлері "Шымкент ӘКК" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.
"Қалалық МІАД аудиторының қорытындысына сәйкес келтірілген залал сомасы 68 млн 800 мың теңгені құрады" - делінген хабарламада.
Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-прцестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілмейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012655-symkenttik-lauazymdy-tulgalar-68-mln-tengeden-astam-aqsa-zymqyrdy-degen-kudikke-ilindi/