"Айыппұл мен несиені төлемей кетеді": СІМ қазақстандықтар үшін шенген визасын алу неге қиындағанын түсіндірді
Жарияланған күні:
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте қазақстандықтар үшін шенген визасын алу тәртібінің қатаңдатылуына не себеп болуы мүмкін деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Айбек Смадияровтың айтуынша, қатаң талап енгізуге кейде біздің азаматтарымыздың өздері себеп болып жатады.
"Азаматтарымыз өздері себепші болуда. Кейбір азаматтарымыз Шенген аймағына кіретін елдерде жүріп, көлік жалдаған кезде айыппұл төлемей, сол елден кетіп қалады. Студенттер несие алып, төлемей, қайтып кетеді", – дейді ол.
Оның айтуынша, басқа да құқық бұзушылықтар бар.
"Әрине, мұның бәрі қордаланатыны түсінікті. Шет мемлекетке барғанда сол елдің ережелері мен заңдарын сақтау керек", – дейді Айбек Смадияров.
Еске салсақ, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Шенген аймағының "қара тізіміне" енгені туралы қауесетке жауап берген еді.
СІМ өкілі Айбек Смадияровты сөзінше, Шенген келісімінде "қара" немесе "қызыл" тізім деген ұғым жоқ. Дегенмен, 1 наурыздан бастап Қазақстан Шенген визасын алу үшін қосымша консультацияны қажет ететін елдер тізімінде болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012715-aiyppuldar-men-nesielerdi-tolemei-ketedi-sim-qazaqstandyqtardyn-sengen-vizasyn-aluynyn-qiyndauyna-ne-sebep-boluy-mumkin-ekenin-aitty/