Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның Шенген аймағының "қара тізіміне" енгені рас па: СІМ өкілі жауап берді

Опубликовано:

Шенген визасы
Шенген визасы. Көрнекі фото: September15/Getty Images

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу процедурасының қиындай түсетіні жайлы қауесетке жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәселені журналистер көтерді. Олар Қазақстанның "Шенген аймағының қара тізіміне" енгені туралы ақпараттың қаншалықты шындыққа сәйкес келетінін сұрады, өйткені, бұдан кейін қазақстандықтарға Шенген визасын алуды қиындай түсетін көрінеді.

"Қазақстанның қандай да бір тізімге енгізілгені туралы мәселеге келетін болсақ, біз еуропалық тараптан ресми хабарлама алған жоқпыз.

Алайда жұмыс тәртібінде бізге келесіні хабарлады. 1 наурыздан бастап Қазақстан Шенген визасын беру кезінде бұдан былай азаматтары үшін қосымша консультациялар талап етілетін елдердің тізбесінде болады. Сонымен қатар Шенген келісімінде "қара" немесе "қызыл" тізім деген ұғым жоқ, бұл әдеттегі жұмыс процесі туралы айтылған", – дейді Айбек Смадияров.

Оның сөзінше, мұндай шешім Шенген келісімінің бір елінің сұратуына байланысты қабылданған. Өйткені, Еуропалық одақ ережелеріне сәйкес, Еуропалық одақ пен Шенген аймағының елдері виза алуға өтініш берген үшінші елдердің азаматтарына қатысты қосымша консультациялар бастауға құқығы бар.

"Мұндай консультациялар жеті күнге созылуы мүмкін. Бұл ретте визалық сауалнамаларды жалпы қараудың стандартты мерзімі бұрынғыдай қалады – 15 күнге дейін, яғни іс жүзінде біздің азаматтарымыз үшін визаларды қарау рәсімінде қандай да бір өзгерістер күтілмейді. Қайталап айтқым келеді – іс жүзінде біздің азаматтар үшін визаларды қарау рәсімінде қандай да бір өзгерістер болмайды", – дейді Айбек Смадияров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011046-qazaqstannyn-sengen-aimagynyn-qara-tizimine-engeni-ras-pa-sim-okili-zauap-berdi/

pixel