jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде 21 градусқа дейін жылы болады

қызғалдақтар
Қызғалдақтар. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер сейсенбі, 14 наурызда еліміздің үш мегаполисінде - Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда күндіз 12-14°C-қа дейін жылы болады, түнде ауа температурасы +2...+4°C-қа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 0-5 метр, жауын-шашын болмайды.

Астанада да сейсенбіде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз термометр бағаны +2...+4°C-ты көрсетсе, түнде -3...-5°C-қа дейін суытады. Сондай-ақ синоптиктер желдің 3-8 м/с-қа дейін күшеюін болжап отыр.

Шымкентте, мамандардың болжауынша, бүгін күндіз +19...+21°C-қа дейін жылы болады, түнде +4...+6°C-қа төмендейді. Мегаполисте жауын-шашын жаумайды, дегенмен, желдің 5-10 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде 21 градусқа дейін жылы болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.