Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленетін болады

Опубликовано:

Құдыққа түсіп кеткен итті құтқарып жатқан құтқарушылары
Құдыққа түсіп кеткен итті құтқарып жатқан ШҚО құтқарушылары. Фото: t.me/qr_tjm

Қызмет барысында денсаулыққа және өмірге зиян келуі қаупімен байланысты жұмыс үшін қазақстандық құтқарушыларға қосымша ақы төленетін болады. Үкіметі тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, қосымша ақының мөлшері лауазымдық жалақының 70 пайызын құрайды.

"Ол жедел-құтқару жасақтары, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлеріне және құтқару қызметін атқаратын "Қазселденқорғау" ММ-нің негізгі қызметкерлеріне төленеді", - делінген хабарламада.

ТЖМ деректері бойынша барлығы 2 мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алмақ.

Премьер-министрдің баспасөз қызметі қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012750-qazaqstandyq-qutqarusylarga-zumystagy-qauip-qater-usin-qosymsa-aqy-tolenetin-bolady/

pixel