"Жыл берекелі болсын": Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Амал мерекесімен (Көрісу күні) құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!", – деп жазды президент Twitter парақшасында.
Айта кетейік, Көрісу күні елімізде негізінен батыс өңірлерде аталып өтіледі.
Бұл күні жұртшылық ерте тұрып, жасы үлкен адамдарға сәлем беріп, бір-біріне "Жасың құтты болсын!", "Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!" деп тілек айтып, көктемге аман-есен жеткеніне алғыс білдіреді.
Сондай-ақ араздасқан адамдар болса, бір-біріне деген өкпе-ренішін кешіріп, татуласады. Ал үйлерде мерекенің құрметіне арнайы дастархан жайылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012774-toqaev-qazaqstandyqtardy-amal-merekesimen-quttyqtady/