Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Азаматтарға арналған үкімет" басшысы ұсталғаны рас па: министр жауап берді

Опубликовано:

Сүйеніш Әбділдин
Сүйеніш Әбділдин. Фото: Азаматтарға арналған үкімет

Үкімет кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Азаматтарға арналған үкімет" басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдинді ҚМА қызметкерлерінің ұстау фактісін жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бағдат Мусин Сүйеніш Әбділдиннің жұмыс орнында екенін атап өтті.

"Бұқаралық ақпарат құралдарында бұл ақпарат тарағанын білмедім. Әбділдин Сүйеніш жұмыста, кеше ол басқа да басшылармен бірге жалпы жиналысқа қатысты", – деп қосты министр.

Оның айтуынша, жағдайдың қандай екенін ол жеке өзі қызықтап, сұраған.

"Мен олардан жағдайды сұрадым. Олар ҚМА қызметкерлері келгенін, белгілі бір іс-шаралар өткізгенін, белгілі бір сұрақтар қойғанын, басқа да шаралар болғанын, бірақ қазір аяқталғанын айтты. Не болып жатқанын Қаржылық мониторинг агенттігінен сұрау керек, олар бізге ақпарат бермейді.

Оны мен таңдадым, оған IT маманы және азамат ретінде жақсы мінездеме бере аламын", – деп түйіндеді Цифрлық даму министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012821-azamattarga-arnalgan-ukimet-bassysy-ustalgany-ras-pa-ministr-zauap-berdi/

pixel