Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салмағы 230 келі қошқар Қазақстанның рекордтар кітабына енді (видео)

Опубликовано:

Рекордтар кітабына енген салмағы 230 келі қой
Салмағы 230 келі қой. Скриншот: Іnstagram.com/kuanysh_myktybaev_official/

Салмағы 230 келі болатын Миллион есімді қошқар Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Бұл туралы қошқар иесі Қуаныш Мықтыбаев өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қошқар Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы шаруашылыққа тиесілі.

Қошқар иесі Қуаныш Мықтыбаев Астанадан арнайы маман келіп, жануардың салмағын өлшегенін айтты.

"Бүгін Құдай қаласа Қазақстанның Гиннес кітабына менің Миллион деген қошқарымды тіркейін деп жатыр. Астанадан ағамыз келді. Таразының салмағын дұрыс көрсету жағын тексердік. Қошқарды алып шығып, таразыға тартып, салмағын өлшедік. Қазақстан үшін бұл үлкен жаңалық. ТМД арасы болсын, дүниежүзі болсын үлкен нәтиже", – дейді Қуаныш Мықтыбаев.

"Мұндай қойды көрген емеспіз. Әлем рекордына тән көрсеткіштің бірі болып тұр ғой" деген Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов қошқардың салмағы 230 келі екенін растады.

"Қазақстан рекордтар кітабының атынан Мықтыбаев Қуанышқа сертификат тапсырылады және ет-май өнімділігі тарапындағы қошқардың салмағы 230 келі екенін растайды және оның еліміздегі ең ірі салмақты қой жануары ретінде жариялап, тіркейді. Қошқардың лақап аты – Миллион. Жасы – төртте", – деді Қуандық Құдайбергенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012844-salmagy-230-keli-qosqar-qazaqstannyn-rekordtar-kitabyna-endi-video/

pixel