jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері белгілі болды

Ауызашарға дайындық
Құрма. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айының қашан басталатынын мәлім етті. Бұл туралы діни басқарма ресми сайтында хабарлады.

Рамазан айына орай бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізген.

"Біз Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, ондағы пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сонымен бірге ҚМДБ төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері анықталды.

"Биыл пітір мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады", - деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.