Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстан облысында шенеунік 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Опубликовано:

Костюм киген ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі бірнеше рет пара алғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің ресми сайтында хабарланды.

Тергеу нәтижесінде 2021 жылғы қарашада Кенжебаев Айыртау әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы тексеру нәтижелері бойынша келтірілген залалды өтей отырып, тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жататын, лауазымды тұлғалардан анықталған бұзушылықтарды аудиторлық есепте көрсетпегені үшін 2,5 млн теңге сомасында материалдық сыйақы алғаны анықталды.

Осы уақытта тексеру комиссиясы аудитті жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасында және оның ведомстволық бағынышты ұйымдарында жүргізіп, онда да бірқатар заң бұзушылықтарды анықтаған.

Кенжебаев аудиторлар тобын басқара отырып, мемлекеттік органның басшысы Қошмановты тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау үшін облыс әкімінің атына нұсқама жіберудің орнына пара талап еткен.

"Қошмановпен жеке кездесу барысында Кенжебаев оған шара қолданбағаны үшін АИ-95 маркалы 300 литр бензинге талон түрінде материалдық сыйақы беру туралы заңсыз талап қойды. Қошманов өзінің жеке қаражатын жұмсағысы келмей, өзіне сеніп тапсырылған басқармадан 400 литрлік талондарды тегін алып, оның 100-ін жеке қажеттіліктеріне пайдаланды", – дейді превенция басқармасының басшысы Дамир Хабибулин.

Заңсыз әрекеттері үшін Петропавл қаласы сотының үкімімен Кенжебаев мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, параның сомасын мемлекет кірісіне қайтарумен, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде 7 жыл жазасын өтейтін болды.

Осы үкіммен сот Қошмановқа оған сеніп тапсырылған біреудің мүлкін жымқырғаны және пара бергені үшін параның 30 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады. Ол шамамен 2 млн теңгені құрайды.

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған, өйткені, жасалған қылмыс туралы олар өз еркімен хабарлап және алдын ала тергеуге ықпал еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012872-soltustik-qazaqstan-oblysynda-seneunik-7-zylga-bas-bostandygynan-aiyryldy/

pixel