Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төтенше жағдай жарияланды": БҚО-да ауылдарды су басып жатыр (видео)

Опубликовано:

Cу басқан Бөрлі ауданы
Бөрлі ауданы Аралтал ауылына су жайылды. Скриншот: khabar.kz

Батыс Қазақстан облысындағы бірнеше ауданда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

"Хабар 24" телеранасының мәліметінше, Бөрлі ауданына қарасты Қызылтал ауылында 16 үйге су кірген. Сонымен қатар көптеген үйдің қора қопсысы құлаған. Аралтал ауылында да үйлерге су кіре бастаған.

Тілшіге сұхбат берген Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Нұриддинұлы жағдай толықтай бақылауда екенін айтты.

"11 наурыздан бастап тәулік бойы ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты ауданда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Қызылтал елдімекеніне қар еріп, еріген су ауыл ортасынан өтіп, 16 үйдің іргесіне су келді. Тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Аудан еріктілері, кәсіпкерлер жәрдемдесіп, бірге әрекет етіп жатырмыз. Шыңғырлау өзені арнасынан тасып, су Аралтал ауылына жайылды. Көшем деген тұрғындарды эвакуациялық пункттерге көшіріп, тамақтандырып, құжаттарын реттеп жатырмыз", - деді аудан әкімі.

Аудан әкімінің сөзінше, ТЖД арнайы техникалары келіп, 21 мың қап құмды ауыл іргесіне төсеп жатыр. Сондай-ақ ол Шыңғырлау өзеніндегі мұздарды жару жұмыстары жоспарланғанын алға тартты. Айтуынша, тұрғындарға көмек беру үшін арнайы комиссия құрылып, әр үйге қандай көмек берілетінін анықтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012892-totense-zagdai-zariyalandy-bqo-da-auyldardy-su-basyp-zatyr-video/

pixel