Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында үш жасөспірім соққыға жыққан ер адамның жағдайы ауыр

Опубликовано:

Жедел жәрдем көліктері
Аурухананың алдында тұрған жедел жәрдем көліктері: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында 3 жасөспірім 49 жастағы ер адамды соққыға жыққан. Қазір зардап шегушінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, оқиға 1 апта бұрын Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылында болған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, үш жасөспірім 49 жастағы ер адаммен ерегісіп, кейін оны аяусыз соққының астына алған.

Телеарнаның ақпаратынша, соққы салдарынан түрі танымастай өзгерген ер адам 7 күннен бері жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер науқас есін жиғанмен, өздігімен ас іше алмайтынын, оны түтікшемен тамақтандырып отырғанын айтқан.

"Бастың, кеуде қуысының жабық жарақаты, мидың соққыға ұшырауы, қабырғаларының сынуы және сол жақ бүйректің зақымдануымен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы ауыр және бірқалыпты. Жасанды аппаратпен демалады", – деді Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Серік Бекқабұлов.

Жергілікті тәртіп сақшыларының айтуынша, күдіктілер оны соққыға жығып, тастап кеткен. Жақын маңдағылар байқап, жедел жәрдем шақырған. Науқас ауруханаға түскен сәтте болған жайт полицияға хабарланған. Тәртіп сақшылары кейін күдіктілердің ұсталғанын мәлімдеген.

"2006, 2007 және 2008 жылы туған үш күдікті құрықталды. Аталған күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабымен қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр" , - деді облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Әбдіғани Ибраимов.

Телерна келтірген деректерге сүйенсек, құзырлы орган өкілдері қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқан. Жәбірленуші емін-еркін сөйлей алатындай хәлге келгенде, одан да оқиғаның мән-жайы сұралады.

Полиция қызметкерлерінің сөзінше, күдіктілер кәмелет жасына толмауына байланысты сотқа дейін үйіне жіберілген. Полиция қызметерлері күдікті жасөспірімдер кінәлі деп танылса, жазасын өтейтінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012922-almaty-oblysynda-us-zasospirim-soqqyga-zyqqan-er-adamnyn-zagdaiy-auyr/

pixel