Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 8 есірткі зертханасын іске қосуды жоспарлаған шетелдіктер ұсталды

Опубликовано:

Арнайы операция
Шетелдіктер Қазақстанда 8 есірткі зертханасын іске қосуды жоспарлаған. Скриншот: polisia.kz

Ішкі іштер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті синтетикалық есірткілер өндірісін, оларды Қазақстан аумағына өткізуді ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық медиа-порталдың мәліметінше, өткен жылдың соңында Алматы облысындағы ведомствоның жедел қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде өңір аумағында үш жасырын зертханада синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған сегіз шетелдік анықталып, ұсталған.

Ведомство ақпаратынша, одан әрі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қосымша осы қылмыстық топты қаржыландыруға, сондай-ақ прекурсорларды (есірткі өндіруге арналған химиялық заттарды) және зертханалық жабдықтарды шетелден Қазақстанға жеткізуге жауапты екі шетелдікті, яғни негізгі ұйымдастырушыларды анықтады. Олардың бірі Алматы қаласында ұсталды.

"Тінту барысында ол жалға алған алты қоймадан есірткі өндіру цикліне арналған сегіз бірлік "реакторлар" деп аталатын арнайы зертханалық жабдық және 13 тонна прекурсорлар тәркіленді. Осылайша, елімізде екі тонна синтетикалық есірткі өндіруге (бұл 4 млн бір реттік доза) және сегіз ірі есірткі зертханасын құруға жол берілмеді. Сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіруге арналған 30 бірліктен астам басқа жабдық, оның ішінде вакуумдық сүзгілер, терморегуляторлар, сорғылар тәркіленді", - деп жазады ақпараттық медиа-портал.

Сонымен қатар ведомство дерегінше, үш жеке үй мен үш автокөлікке тыйым салынған. Аталған іс бойынша тергеу жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012926-qazaqstanda-8-esirtki-zertxanasyn-iske-qosudy-zosparlagan-seteldikter-ustaldy/

pixel