Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18 мыңнан астам қазақстандық несиесін есептен шығаруға өтініш берген

Опубликовано:

18 мыңнан астам қазақстандық несиесін есептен шығаруға өтініш білдірген
Көрнекі фото: pixabay.com

Төленбеген қарызы бар қазақстандықтар өзін банкрот деп жариялай алады. Бүгінгі күнге дейін несиесін есептен шығаруға қанша адам өтініш білдірген, азаматтар банкорттыққа өтініш берген кезде нені білуі керек? Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті ресми сайтында жарияланды.

Ведомсто мәліметінше, 2023 жылдың 3 наурызынан бастап азаматтардан банкроттық рәсімдерді қолдану туралы арыздарды қабылдау басталып, бүгінгі күні 18 мыңнан астам арыз келіп түскен.

Арыздар е-Gov (94 пайыз) және e-Salyq Azamat (6 пайыз) мобильдік қосымшасы арқылы түсуде.

"Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Заңының талаптарына сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары 15 жұмыс күн ішінде азаматтың мынадай шарттарға сәйкес келуін тексереді:

  • борыш банк, микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктер алдында 5,5 млн теңгеден (1600 АЕК) аспауы;
  • борыштың өтелмеу мерзімі он екі айдан асуы;
  • некеде бірге алынған мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы (көлік, үй, жер тілімі, банктегі депозит және т.б.);
  • банкпен, МҚҰ борыштар бойынша реттеу рәсімін жүргізілуі.

Тексеріс автоматтандырылған нысанда тіркеуші мемлекеттік органдардың, банктердің және кредиттік бюролардың электрондық деректері базасымен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

Комитет ақпаратынша, алдын ала мәлімет бойынша, жекелеген азаматтардың банкроттықты қолдана алмайтындығы мынадай себептермен анықталды:

  • 12 ай ішінде қарыз ішінара өтелгені;
  • борышкердің немесе зайыбының мүлкі болуы;
  • банкпен не МҚҰ реттеу рәсімін жүргізуі туралы құжаттың болмауы;
  • дара кәсіпкер ретінде тіркелгендігі;
  • атаулы әлеуметтік көмекті 6 айда аз мерзімде алуы.

Ол азаматтардың телефонына 1414 қызметі арқылы соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы хабарлама жіберіледі.

Егер мұндай хабарлама алынған болса, соттан тыс банкроттыққа қойылған өлшемдерге сәйкес келсе 3 айдан кейін қайта өтінішпен жүгінуге болады.

Егер банк не МҚҰ немесе коллекторлық агенттіктері тиісті құжат бермесе аймақтық Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бөліміне жүгінуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012975-18-mynnan-astam-qazaqstandyq-nesiesin-esepten-sygaruga-otinis-bildirgen/

pixel