Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ онлайн жеңгетайлықпен айналысты деген күдікпен 11 адамнан құралған қылмыстық топтың жолын кесті

Опубликовано:

Күдіктілерді ұстау сәті
Күдіктілерді ұстау сәті. Видеодан кадр: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі республика аумағында 11 адамнан тұратын қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ мәліметінше, ұсталғандар Kyzdar.Net интернет-сайты арқылы жезөкшелікпен айналысатын адамдардың жарнамасын жасады, онлайн жеңгетайлықпен айналысты және күн сайын 2 млн теңгеге дейін пайда түсіріп отырған деген күдікке ілінген.

"Қылмыстық топқа қатысушылардың жалпы ақша айналымы 8 млрд теңгені құрайды (орташа алғанда жылына 2 млрд теңгеден асады). Сайтқа жыныстық сипаттағы 6 мыңға жуық хабарландыру салынған. Сауалнамалар бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 150 адам анықталып, олардан жауап алынды, олар сайттың топ-менеджерлеріне жүйелі түрде ақша аударып отырғандарын растады", – делінген ІІМ хабарламасында.

Сондай-ақ сараптама негізінде сайттағы материалдар порнографиялық сипаттағы туындыға жататыны, сонымен қатар сайт ақылы жыныстық қызметтерді іздеп, пайдалануға арналғаны анықталған.

"Астана, Алматы, Павлодар қалаларында жүргізілген тінту шараларының нәтижесі бойынша 23 млн теңгеден астам ақша, оның ішінде криптовалюта, автомашиналар, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық тасымалдағыштар тәркіленіп, алынды. Сот компьютерлік-техникалық сараптама тағайындалды", – деп қосты ІІМ өкілі.

ІІМ хабарлауынша, қазіргі таңда аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің ("Жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық") 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бұдан бөлек мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, пайдаланушылардың веб-сайтқа қолжетімділігін бұғаттау бойынша шаралар қабылданып жатыр.

"Бұл қылмыстық топтың қоғамға төндірген қаупі адамгершілік құндылықтарды аяқасты ету және жезөкшеліктің таралуына жағдай жасау болып табылады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда", – дейді ІІМ өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013039-onlain-zengetailyqpen-ainalysqan-iim-11-adamnan-quralgan-qylmystyq-toptyn-zolyn-kesti/

pixel