Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бірнеше көлік ұрлады деген күдікпен екі ер адам ұсталды

Опубликовано:

Ұры
Көлік ұрысы. Көрнекі фото: Polisia.kz

Алматыда бірнеше көлік ұрлады деген күдікпен екі ер адам ұсталды. Олар кінәсін мойындап, қамауға алынған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, 44 жастағы Жамбыл облысының тумасы мен оның 34 жастағы сыбайласы бұрын бірнеше рет сотты болған.

"Қалалық криминалдық полицияның жедел уәкілдері полицияның арнайы жасақтарының көмегімен арнайы іс-шараны жүргізді. 44 және 34 жастағы екі азамат ұсталды. Олар өз кінәсін мойындады.

Әуезов ауданы аумағынан ұрланған көлік Жамбыл облысында, тағы бір Mazda осы өңірдің Луговое ауылынан табылды. Ал үшінші көлік бүтін күйінде Алматы облысында тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Айта кетейік, полиция мәліметінше, қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013065-almatyda-birnese-kolik-urlady-degen-kudikpen-eki-er-adam-ustaldy/

pixel