jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Астанада ер адам имамды пышақтады: оқиғаға қатысты жаңа мәлімет шықты

Пышақ
Пышақ. Көрнекі сурет: Рixabay.com

Астаналық мешіттердің бірінде имамға шабуыл жасалды. Дін қызметкері 13 пышақ жарақатын алып, ауруханаға түсті. Қазіргі уақытта күдікті ұсталған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға туралы ақпарат Instagram желісіндегі 716.kz парақшасында пайда болды. Мәлім болғандай, 13 наурыз күні Жібек жолы ауылының 1990 және 1991 жылы туған ер мен әйелі неке қию рәсімін жасаған. Алайда келесі күні олардың арасынд жанжал шыққан көрінеді.

Наурыздың 14-і күні ауыл тұрғыны астаналық мешіттердің біріне барып, намаз уақытында имамға 13 пышақ жарақатын салғаны хабарланды. Имам ауруханаға жатқызылды, оның жағдайы ауыр.

NUR.KZ тілшісі Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінен осы оқиғаға қатысты мәлімет сұрады.

Полиция күдіктінің қылмыс орнында ұсталғанын хабарлады.

"Ер адам ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы негізінде тергеу мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілмейді", – деп хабарлады полиция департаментінен.

Еске салсақ, кеше, 15 наурыз күні Астанадағы мешіттердің бірінде шаруашылық қызметкерін пышақтап кеткені жайлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook парақшасында хабарлаған болатын.

Астанада ер адам имамды пышақтады: оқиғаға қатысты жаңа мәлімет шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.