Жұмада Қазақстан мегаполистерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін
Жарияланған күні:
Жұма, 17 наурызда Алматы, Шымкент және Астанада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, бірақ үш мегаполисте де дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК сайты.
Алматыда ауа райы болжамы бойынша бүгін көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, термометрлер күндіз +7...+9°C дейін көтеріледі, ал түнде -2...-4°C дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 0-5 метрге жетеді.
Астанада да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елордада ауа температурасы күндіз -1...+1°C, түнде -8...-10°C дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 2 метрден 7 метрге дейін жетеді.
Синоптиктер бүгін Шымкент тұрғындарына жауын-шашынсыз ауа райына уәде береді, күндіз +18...+20°C болса, түнде мегаполисте +3...+5°C дейін салқындайды. Дегенмен, қалада қатты желге байланысты дауылдық ескерту жарияланды. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с болса, екпіні 15-20 м/с жетпек.
Айта кетейік, қалың тұманға байланысты Астана мен Алматыда да дауылдық ескерту жарияланған. Ал елордада тұманнан бөлек, көктайғақ күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013242-zumada-qazaqstan-megapolisterinde-tuman-koktaigaq-boluy-mumkin/