Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында астыртын жұмыс істеген казино анықталды (видео)

Опубликовано:

Атырау облысында жүргізілген тінту
Атырау облысындағы тексеру мен тінту. Видеодан кадр: Т.me/afm_rk

Атырау облысында тінтулер жүргізіліп, ойын фишкалары, карталар және қолма-қол ақша тәркіленді. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі өзінің ресми Telegram-арнасында хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, Атырау облысы бойынша департамент қызметкерлері арнайы кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде жасырын казино жұмысын жүргізген адамдар тобын анықтаған.

"Тінту жүргізіліп, ойын фишкалары, карталар 3300 АҚШ доллары, 957 000 теңге және де басқа да заттар тәркіленді. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысты тұлғалар және куәлардан жауап алынды", – делінген ресми хабарламада.

Қылмыстық құқықбұзушылық ұйымдастырушалар өз әрекеттерін толық мойындағаны айтылған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013287-atyrau-oblysynda-astyrtyn-zumys-istegen-kazino-anyqtaldy-video/

pixel